Posted in

ҚЫРЫҚ ЖАМАУ

Әбден тозығы жетіп, талай жыртылып, жамалған, ескі. * «Жазушы» баспасынан биыл шыққан он романның тоғызын қырық жамаулы тон тәрізді, қияғы тозған қобыз тәрізді деп «списатьқа» жатқызып, сынау жоспарын тоқсан тоғыз пайыз орындапты. Ғ.Қаб. * Ара-арасында қырық жамау жүдеу киінген бала-шаға, күнге шағылысқан жез самауыр, леген, қазан-ошақ. С.Жүн.

  1. Қайғылы, уайымы көп. * Өмірден болмаса да көп көргенім, Қаншама қиындықты өткермедім. Құлап түссе тауды да көтеретін, Жүрегім, қырық жамау өткел ме едің… М.Айт.
  2. Аннан-мыннан құрылған. * Біреуді шын көңілімен жақсы, яки жек көрсе, Тоты баяғы ауыл қызы қалпын кайта табатын. Көптеген фильмдерден жапсырған қырық жамау әдеттері есінен шығатын. М.Қаб. ~ Ер адам есек мінсе де жараса береді. Жүрміз ғой, міне, қырық жамаудан қыршаңқы жасап алып. Қыз байғұсқа мұны да кім береді?.. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *