Posted in

ҚЫРЫҚ ЖЕТІ

Айттырылған қызға төленетін қалың мал мөлшері. * Құтты болсын айта келген абысын-ажындары «тағы бір «қырық жеті» таптың ба?.. Малдың астында қалмасаңдар жарар еді» деп күлісуші еді. Б.Майл. ~ Бұл қайырлы болсын қай қайырлы болсын. Мен он қырық жеті берсе де жалғыз Ғайшамды шала беруге разы емеспін, байлығы өзіне,— деп теріс қарап күйбектей берді. С.Көб. ~ Қыздың құны қырық жеті деп, кім мал берсе, сол алатын кез. Оның үстіне хан қолқа сап тұрған соң қожада қарсылық көрсетер хал бола ма: бірден келісім береді. С.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *