Posted in

ҚЫРЫҚ ЖЫЛҒЫ

Ескі, көнетоз. ~ Қырық жылғы қырындыны қозғап, зауал шағында бетінің суын бес төгетіндей шолақ қол Əбілге не көрінген? Р.От. ~ … аяқты серпіп басып, маңайын кекесін көзбен тіміскіп ысқырып жүретін әдеті, егер сөйлесе қалса тек “өз таныстарына” ғана ілтипат білдіріп, надзирательді көре қалса қырық жылғы құдасындай иек қаға салатын… Ф.Дост. ~ Мұны көрген абысын-ажындарының бірі «ұяң Сәндінің қырық жылғы қоқысы тазаланып көзі ашылып қалды-ау» деп енесін табаласа, екіншісі «артынан өсек ілесіп келген соң, қайтсем сиям деп жатыр ғой» деп келінді мүсіркеді. Е.Әлім.

  1. Тым ұзаққа созылған. ~ Сөйтіп, менің қырық жылғы еңбегім, бар ғұмырым жоққа сайды. Дүниенің тұтқасы – біздің Жармақтың қолында екен. Менің ғұмыр жіптігім – жалғыз жаннан басқасы. М.Мағ. ~ Қырсық шалған бұл ғаламда Тәңірі ғана тарықпас, Қырық жылғы қырғын келсе, қайда қалмас ғарып бас. Н.Айт. ~ Ау, сонда қырық жылғы тірлігінен жер бетінде тышқан шиырындай із қалмағаны ма?! Ө.Кәр.
    3.Баяғыда өткен, қайдағы-жайдағы (оқиға). ~ Қырық жылғы есіме түсіп, емешегім үзіліп сағынып кеттім дей ме? Ə.Асқ. ~ – Шал-ау, қырық жылғыны жаңғыртып қайтесiң? Талай гәзет талай рет айғайлағанда да пiшту демеген пәле емес пе бұл?! Ғ.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *