Posted in

ҚЫРЫҚ ЖЫЛ ҚЫРҒЫН

Ұзаққа созылған алапат ұрыс, апат, қанкескі шайқас; ұшы-қиырсыз нәубат. ~ Талайлар дертке ұшырады, талайлар жарымжан болды, некен-саяқтар өліп те қалды. Алайда көпшілік жанкештілік ете алмады. «Көппен көрген – ұлы той», «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» сықылды дәтке қуатпен көндігіп кетті. Ж.Айм. ~ Жаңа өкімет орнағаннан кейін де, Өлмес өз есебінен жаңылған жоқ. Малды азайтты. Қалғанын мылқау ағасы Иманғалиға жаздырды. Ауыл белсенділерінің аузын алды, уездегі ұлықтармен болдым. Ал жұрт болса, «қырық жыл қырғыннан қылшығы қисаймайтын Өлмес» деп мұны аңыз қылды. Т.Әбд. ~ Бастан құлақ садаға, дейді ғой. Мен бір қолымды бердім. Өзге жұрт, біздің шабуылға шыққан әскер түгелге жуық жойылып, ақыры кері қашып, санаулы ғана кісі аман қалыпты. Қырық жыл қырғын деген осы. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *