Талай адам, көпшілік. ~ Тілеужан «кедейсің» деп кергімеді, Жантөре «болыс» деп бой тартпады. Күйеу жақтан: «қызды қырық кісі айттырып, бір кісі алатындығы» айтылды. Қалыңдық жақтан: «Қалыңсыз қыз, кәдесіз күйеу болмайтындығы» ескертілді. Ү.Жәл. ~ Бұл сұраққа кезінде «бір басында қырық кісінің ақылы бар» небір хандар мен билер де жауап таппай, шақшадай басы шарадай болғаны тағы белгілі. Қ.Жұм. ~ Кейіпкеріміздің тәубасы мен шүкіршілігі бір басына жетеді. Бір кісі таққа отырса, қырық кісі атқа мінеді. Д.Дос.
