Тым алыс жер, жердің түбі деген мағынада. * Қырық күншілік Қазанға Бір-ақ күнде жет дейсің, Ұшқан құсқа оңай ма?! “Қобыланды батыр”. ~ Ат аямай мол жүріп, Қырық күншілік шөл көріп, Қиын жолды көл көріп, Томпайған неше тау көріп, Томырайған қау көріп, Келеді жүріп бес балуанЖұртына бұзық бес айуан. Б.Әлімж. (“Манас”) ~ Төлеген айтты: — Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты: — Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың, -деді. “Қыз Жібек”.
