Неше түрлі құбылтып, түрлендірді. * Не де болса артын күтейік: бұл — онша жақсы келіс емес…— десіп күйеулердің келісін қырық саққа жүгіртті. С.Жүн. * Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз? – деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. БАҚ. * Бірақ, ауыл арасындағы өсек қырық саққа жүгіріп, біреулер Райханды алып қашуға бөтен бір ауылдың жігіттері келіпті деп сырттан тон пішіп долбарласа, сойыл Қарабеттікі емес, өз басымен әлек болып жүрген адам қызды қайтсін деген де жанашырлар шықты. С.Жүн.
