Қазан көтерген үйлерді аңдып жүретін, қыдырымпаз да ашқарақ адам туралы. ~ Елде бұрынғы күй жоқ. Бiр өзi бiр бұрышты толтырып күрп-күрп пiсiлетiн сабалардың бүйiрi түсiп шөмиген. Қырық қазанның құлағын тiстеген қыдырма түгiлi құдасы келсе де қыржимай қарсы алатын үй кем де кем. Т.Сәу. ~ Қырық қазанның құлағынан тістеген кезбе ме екен? Кездейсоқ сап еткен болар. Қ. Шаб. ~ Қырық қазанның құлағынан тістеген кезбе ме екен? Кездейсоқ сап еткен болар. С.См. ~ Қырық қазанның құлағын тістеп үйге қайтпасаң, Көншімейді көңілің. Қ. Байс.
