Posted in

ҚЫРЫҚ ҚҰРАУ (ҚҰРАҚ)

Тозығы жеткен, ескі-құсқы. ~ Көк Кемпір болса, көйлекшең жүр. Рас, көйлегі жамау-жамау, қырық құрау. Қалада да осындай киім болады екен-ау! Біздің Мыңбұлақта ғана ма десем… Ш.Мұр. ~ Түнгі ұйқысы қырық құрау болған ол күнұзақ көзі кіртиіп, мас адамдай былғақтады да жүрді. Жылаған қыз дауысын ұмыта алар емес. Н.Сам. ~ Арбаға аттардың қырық құрақ қамыт – саймандары сай. Бұл өлкенің қазақтары колхоздасуға дейін арба кәсіп етіп көрмеген. Б.Соқп.

  1. Әр нәрседен құралған, одан-бұдан жиналған, құрама. * Дөңгелек біткені қаусап қирауға тұрған қырық құрау арбасын майлап, Тоқан көк шолағын жегіп жатқанда, тымағын желкесіне жыпыра… Б.Майл. ~ Қажытай мақаласы ешқандай қисынға, ғылыми жүйеге бағынбайтын қырық құрау, шоқпыт-шоқпыт бірдеңе. Бірді айтып, бірге кетеді. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *