Posted in

ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫС

ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫС Совет үкіметі тарағанға шейін батыс елдерімен арадағы салқындық, экономикалық, идеологиялық текетірес. ~ Орасан жеңістен соң, ағыл-тегіл қуаныштан соң әлем аспанында “қырғи қабақ соғыстың” алғашқы қар ұшқындары да қыламықтай бастады. Кейіннен бұл ызғар қатая түсті. Ш.Айт. ~ Оның есімі қайта құру және жариялылық дәуірінің басталуы, “қырғи қабақ соғыстың” аяқталуы, Берлин қабырғасының қирауы, Ауған науқанының аяқталуы және КСРО-ның ыдырауы сияқты оқиғалармен тарихта қалды. БАҚ. ~ Баяндама авторлары орталық пен батыс Еуропа елдерінің әскери шығындары қырғи қабақ соғыс деңгейіне қайта оралғанын атап өтті. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *