Таулы жерде, қырда өскен бала. ~ Көрпеңді қымтай жат, бұл тау ішінің шығы қалың түседі, тоңып қалып жүрме. — Уақасы жоқ, қыр баласымыз ғой, шық болса қайтер дейсіз. Қ.Ысқ. ~ … ол өз талантын құрметтей және бағытын анықтай білді. Төңірегін түгел шолып үйренген қыр баласы ретінде сегіз қиырға қатар көз сүзбей, жалғыз- ақ көкжиекті мақсат етті. Т.Жұр. ~ Биік көкпекпен, кейде жуан шағыр бойшаң сағызбен тайталаса, ақ сұрлау алашабыр сабағын жан-жағына тармақтай еркiн жайып жіберген дала көсігiн көргенде қыр баласы шешесі ұл тапқандай қуанады. Ө.Қан.
