Қысым көрсетті. * Оспан әдейі сол араға тығылып тұр. Абай қыспаққа ала берсе, сол шелектің бір септігін көрмек. М.Әу. * – «Сен мамандардың бәрін еліңе өткізіп жібердің» деп қатты қыспаққа алды. Қолынан іс келеді дегеннің бірін тоқтатпадым. Ж.Баб. * Мәнжу патшасы Кан си – оңтүстіктен, Себен-Рабтан – солтүстіктен, Тушету хан – шығыс солтүстіктен қыспаққа алып, Монғолияның толықтай мәнжу бодандығына көшер кезде… Т.Жұрт. ~ Алды-артыңнан қаумалаған… қыспаққа алған… мөлдіреген… күлімдеген… тереңіне тартқан мың сан көзден құтылу қайда! Д.Дос.
