Зорлық-зомбылық кешіп, қиыншылық тартты. ~ Барымта заманында жан-жағынан қысым көрген Матақай жаңғақтай жұмырланып, «жеймін» деген талайлардың тісі батпайды, батырам дегендерінікі сынады. C.Мұқ. ~ Екеу ара жүздесу осымен тынып Бекең қоштасарда: – Тұрмыстан таршылық, біреуден қысым көрсең хабарласар- сың, – деген. Ө.Кәр.~ Пенде ісін мойныма артқаным жоқ, Көр ғазабын өлгенмен тартқаным жоқ. Зорлық пенен нумилық қиын-қыстау Қысым көріп біреуден жатқаным жоқ! М-Ж.Көп. ~ Менің әуел баста тарих факультетін бітіргенім, аспирантурада оқып, диссертация жазғаным, советшіл белсенді, жандайшаптар тарапынан қысым көріп, тар заманда ғылыми ортадан кетуге мәжбүр болғаным – өмірбаянда жазылған, құжаттар арқылы дәлелді, мені білетін ел-жұртқа ежелден мағлұм. М.Мағ.
