Posted in

ҚЫСЫРАҚТЫҢ ҮЙІРІНДЕЙ

Жұрттан бөліне шоғырланған топ туралы. ~ «Әттегене-ай, қазір қолда шанышқы болса, мына көк жондардың бір-екеуін шаншып алып қалар едім-ау!..» — деді ол ішінен. «Шіркін, өзі қысырақтың үйіріндей екен!..»—деді Нияз тағы да ішінен. С.Сей. ~ Жасырмаймын. Алғызған албырт – анасының қойнын ашар. Сенің қалың – қауымыңның бейқамдығы. Қысқа күнде енді қырық кісінесең де, маңайына қысырақтың үйіріндей де шоғырланар ер – қара қалдырғам жоқ. С.См. ~ Жиырма түтінге жетер-жетпес жаманбай әулеті көп жылқыдан бөлініп кеткен қысырақтың үйіріндей бытырап, Қоңқабай аулының көк желкесіндегі тастақты қыратқа оқшау жайғасыпты. С.Ом. ~ Қайткенде де өтті, кетті. Жай кеткен жоқ-ау, бас-аяғын аса қиналмай қайтадан қосып алатын момын қойдың отарындай емес, қайыру бермейтін қырсық қысырақтың үйіріндей болып жоғалды ғой. Қысырақ бағудың қиындығын жылқышар бек түсіндіріп береді, қазақ «Қыз баққанша қысырақ бақ» дегенді жетіскеннен айтпаған, дәлелдің салмағын күшейту үшін айтқан. Е.Ашық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *