Мән-мағынасыз, ермек үшін немесе кекетіп айтылған әңгіме. * Бұл ойым – басқа келген қиял. Бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз, барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан
туған. Шәк. * – Ой, сығыр мұндар, білмей отырмысың? Мылжың деп, қырт қып, жазған, мені айтат та! – дегенде, жұрттың бәрі ду күлді. Енді сөз бітіп, жұрт қысыр кеңеске кететін тәрізді. М.Әу. * Жиналыс жабылған соң жай қысыр кеңеспен
шашты қара бала көптің ортасында Бадырақтың жай-күйін сұрады. І.Жанс. * “Баяғыда біздің бала күнімізде ана жерлерде қала жоқ еді, анау көрінген қара қоғаның басында талай асық ойнап едік-ау” деп қысыр кеңеске кірді. Б.Майл.* Қысыр кеңес… Кәдiмгi шалдардың қысыр кеңесi. Бұл – ақсақалдар алқасы да, ардагерлер кеңесi де емес. Қазiр Алматының әр ауданында ардагерлер кеңесi бар, олардың ресми орындар бекiткен басшылары бар. Бiздiң айтқалы отырғанымыз – ол емес. Бiздiң айтқалы отырғанымыз – гүлзар, саябақтарда жазда көлеңкелеп, қыста күншуақтап отыратын қарапайым шалдар бар ғой, солар жайында. Солардың ермек үшiн айтылатын, келдi-кеттiсi жоқ әңгiмелерi хақында. Қ.Жұм.
