Таршылық қол байлады; өмір тауқыметіне қарсы тұрар шама қайда д.м. ~ Өңгелбай жынынан айырылған бақсыбай бірер жыл бос жүріп байқаса да, қысқа жіп күрмеуге келмей бара жатқан соң, ежелден келе жатқан ептілігіне салып, атқа мінген. Б.Май. ~ Сүйтіп, жанталасып жүріп тапқан ақшаң, мұқтажыңның біріне жетсе, біріне жетпейді!.. Қысқа жіп күрмеуге келе ме?.. С.Сей. * Тек әзір қысқа жіп күрмеуге келмей, тапқандары тамағынан артылмай жүргесін, биыл көктемде колхоздан көмек сұрағаны рас еді. О.Сәрс. * — Келесі жылға дейін тойды қоя тұрғаның дұрыс, балам. Әкең екеуміздің тапқанымыз киім мен тамақтан артылмайды. Қысқа жіп күрмеуге келмей жүргенде, біріңнен соң бірің той-той дегендерің қалай? — деп анасы реніш білдіргендей болды. Ф.Оңғ. ~ Әулетімізге демекші, анасы ұдайы айта беретін бір әңгіме есіне тағы түсті. Соғыс жылдары, ауыр кезең, қысқа жіп күрмеуге келмей, қай нәрседен болса да жоқтықтың ызғары өтіп жүрген кез. К.Қаз. ~ Мүмкін, бала күнінен қасірет арқалатқан тас босағадан қайта аттап қайғысын қалыңдатқысы келмеді. Мүмкін, қысқа жіп күрмеуге жетпеді. Ж.Шәк.
