Қитұрқы, тұрақсыз мінез танытты. ~ Сондағы ұққаны: толқынданған теңіз нағыз бір сәнқой сылқым келіншек мінездес екен. Қысқа күнде қырық құбылады. Әп-сәтте сан өзгереді. С.См. ~ “Менің кінәм не?” Иығымды қопаңдатып көтеріп ем, тілін шығарды да, ары айналды. Қысқа күнде қырық құбылған бұл неткен қырсық қыз? М.Қаб. ~ Қыздардың алдында ысылған мықты жігіт болып көрінуге тырысатын сержант Зух қыз қылығын, қыз қапелімде өзгеріп, қысқа күнде қырық құбылатынын байыпты аңғара алмайтын болып шықты. М.Кәр.
ҚЫСҚА КҮНДЕ ҚЫРЫҚ ӨЗГЕРДІ
Шешімін жиі өзгертетін, мінезі тайғақ, айнымалы адам туралы. ~ Көші – қонысы қысқа күнде қырық өзгеріп, құбыла мен теріскейді көктей шарлап шұбыра беретін еңку- еңку заманның ерқашты тіршілігінен запыланып қалған ба… С.См. ~ Неге екені белгісіз, Упрай аяқ астынан жуаси қалды. Нұржан осы кісінің қылтқып, қысқа күнде қырық рет өзгерер мінезіне таң. О.Бөк.
