Posted in

ҚЫСҚА ҚАЙЫРЫМ

Айтар ойын, көңіл-күйін аз сөзбен жеткізу. ~ Қысқа қайырым тіл қатса да, Сарыбай ерекше толқып, аталық мейірім таныта сөйлеп еді. А.Сей. ~ Нәйра көзінің түк көрмей, қол-аяғынан жан кетіп, сіресіп қалғанын жігітке қысқа қайырым сөзбен жеткізген. Ө.Кәр. ~ Қысқа қайырым келте кесiлдi. Шериф сида қараға ым қаққанда әрiптесi түсiнгендей басын сәл иiп, төрге қарай беттегенде Едiл де төбелеске ыңғайланғандай тас-түйiн бекiнiсiн жариялап үлгердi. Т.Әлж. ~ Сосын бұл студенттік серіліктен мезгілсіз қоштасқан. Ендігі жүрісі мынау. Аузы күйген. Бөгдеге жұғыспайды, менімен ғана әмпей. Маған да сондайлық ашыла бермейді, қысқа қайырыммен тынады. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *