Posted in

ҚЫТЫҒЫ БАСЫЛМАҒАН

Қолға үйренбеген, аптығы басылмаған, жуасымаған. ~ Кеш байланған қара құлақ құлындардың, қулық биелердің, қытығы әлі басыла қойған жоқ. Асау, тарпаң. Ғ.Мұст. ~ Гүлдана да бие сауудың шебері, қытығы басылмаған жас биелерді сипалап, бірнеше күнде жуасытып алады. БАҚ. (“ЕҚ”) ~ Сондықтан да болар, сол кезде сынмен белсене айналысқандардың өздері көп ұзамай аттың басын тарта бастайтын. Жасыратыны жоқ, біздің халқымыздың қытығы басылмаған. Жанашырлық сынның өзін қабылдай бермейді, мақтау сүйеді. М.Хал. ~ Қыздың томпиған құс кеудесі Құлтайды жып- жылы боп сүйкеп өтті. Жігіттің қытығы басылмаған қысыр емген тайдай шамшыл, қайратты денесі төменгі вольтты ток көзімен жанасып өткендей дір ете қалды. С.Ас.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *