ҚЫҢЫР СӨЙЛЕДІ Ерегісе, қиқарлана сөйледі. * Шыңғыс Жақыпқа зекіп тастады. – Атасақалың аузыңа біткенше қыңыр сөйлеуді қоймадың-ау. Одан да ана шаруашылық жағын бір қарап келші. Ояздар да келіп қалар. С.Жүн. ~ Досберген. Дәреже дауын кейін шеше жатарсыңдар. (Шатырдың әр бұрышын зерлей қарап тұрған Исабекке.) Сен тым қыңыр тартып кеттің, жолдас. Мұның ақберен журналистің атына лайық емес, бауырым. Көрдің бе, қисайтып жібердің. Т.Әбд.
