Posted in

ҚЫҢЫР ҚАРАДЫ

Ұнатпады, жаратпай көз салды. ~ Сиез жақсы нәрсе, керек нәрсе, бірақ жақсы нәрсенің жасалуы қиын болатындығын айтып едік, біздің сөзімізді жұрт теріс түсініп, ойымызды қисық жорып, қыңыр қарап, алауыздық–құлауыздыққа санап бара жатқан соң, біздің міндетіміз білгенімізді айту еді ғой, айтарымызды айттық, мойыннан борыш түсірдік… А.Байт. * Князь Багратион мен Тушин теңселіп, толқып сөйлейтін Болконскийге бірден қыңыр қарады. Л.Толс. ~ Туған інісі совхоз директоры. Бай тұрады. Сірә, қартқа қараспайтын тәрізді. Батекең қазір пенсиясыз отыр. Содан бүкіл жарық дүниеге өкпелі, қыңыр қарап, қырсығып сөйлейді. Ж.Нәж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *