Posted in

ҚҰБА ЖОНДАТТЫ

Бір сарынды, ұзын-сонар әңгімеге көшті. ~ Қазақ баласы бұлдыратып, түссіз қылып сөйлейді: ақтан тигізіп, тапбасар сөйлейтін адам кем болады; көбінесе құба жондатып, тайғалақтатып, бетін қырпып, жалпы сарынға салып отырғаны. Ж.Айм. ~ Осы күнде сәні кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бұл жіктің ақыны ескі өлең, жыр, тақпақ-тарға еліктеп, желе-жортақтатып, құба жондатып келетін Ғұмар Қарашев. Ж.Айм. ~ Абайға келгенде де алғашқы сөзді Бегеш бастады. Ол өзінің алыстан орағытқан үйреншікті құба жондатып келетін шешендігін Абайдың жадында да іріккен жоқ. М.Әу. ~ Айтар әңгімесін арқан жұтқандай ыңыранып ауыр бастап еді, артынша ағыл- тегіл ақтарылды- ай дерсің. Аламан бәйгенің қазанатындай құба жондатып ұзаққа кетті. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *