ҚҰБА ТҮЗ Елсізде құлазып жатқан, жым-жырт, шөл дала. * Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің – Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Ә.Кек. * Сөйлейік енді әңгіме Қасен ерден, Ол асты екпіндетіп талай жерден. Ай жүріп сапар шекті құба түзде, Жортқан аң, ұшқан құс жоқ әлі көрген. “Нұрғаз.”* Қырықтық басы қайнаған қызық. Құлазыған құба түзде мүлгіп-қалғып келе жатып, театрға кіріп кеткендейсің. Абыр-сабыр қимылдап, дабырласқан жұрт. Т.Сәу.* Тілмаштан Тайлақбайдың «құба белге ту тігіп, құба түзде көр қазысады екенбіз» деген сөзін де қайта сұрап бұлжытпай түсірді. Ж.Ахм.
