Posted in

ҚҰДАЙДАН БЕЗГЕН

Дінге сенбейтін, имандық шарттарына қарама-қарсы әрекетке баратын адам туралы. ~ Мұқаш қандай елден шыққан құдайдан безген, содырлы болса да молданы сыйлайтын. Ж.Айм. ~ Апа! Мен әлдеқашан тәубамнан жаңылып, құдайдан безген қазақпын. С.Ом. ~ … сонда Сіз менің көзіме сорлы анамды елестеттіңіз, мен сықылды «Құдайдан безген» қу тірлік иесіне, масқараға әбден батқан шақта шешесін есіне алдырудан үлкен жаза бар ма, Сіз мені мықтап жазаладыңыз. Ж.Нәж. ~ Қауымды даттап обалы не керек. Көбі-ақ адал ақысын тап-тұйнақтай таза береді. Тек, Қатша сияқты құдайдан безгендері болмаса. Ш.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *