Жолы болғанда, сәті түскенде. * Жан-жағыма жалт-жұлт қарасам, құдайдың дес берісі, əйелдер шығып кеткен. Ж.Айм. ~ Келген екеу амандық-саулықтан гөрі әр бөлмеге бір үңіліп, сұқтана бергендіктен бе, әлде өз көңіліндегісі сол ма, әйтеуір құдайдың дес берісінде Есқалин әңгіме тақырыбын үй жайына ауыстырды. С.Шай. ~ Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. С.Шай. ~ Қарасайдың өз есебі өзінде. Құдайдың дес берісі – Қапыштың өзі келіп қолға қонды. Енді осы арада амал қолданып қалу керек. C.Жүн.
