Алла Тағаланың қолдауын тілеп, сыйынды. ~ Бастығы түшкірген сайың құдайына бір жалбарынатындар бұл тресте де аз емес-ті. Солар болу керек. Сәуле треске кіргеннен талай түксиген қабақтарға, талай бұртиған ауыздарға кездесті. Ә.Әб. ~ Әйтеуiр, дәтке қуат етерi гинеколг дәрiгерлердiң ауызы жақсы. Сол жарым ырыс жақсы лепестi көңiлiне тоқ санап, күнде құдайына жалбарынады. Ә.Ыб. ~ Жасын төгіп құдайына жалынды, Алғаның ба шыныменен бағымды, Үйтіп, бүйтіп тесік тауып ертеде, Большевикке кісі боп ем жағымды. Ж.Саин.
