Posted in

ҚҰДАЙҒА АМАНАТ (АМАНАТТАДЫ)

Бәрі Алланың қолында, Аллаға тапсырдым д.м. ~ Өмірі қабақпен танысып өтіп едік. Менің не күйде отырғанымды да біліп жатырсың, қош, қариям, серігім, не айтамын… Жаның құдайға аманат. Артыңнан мен де жетермін.. Өкінбе… Арман жоқ! — деді. М.Әу. ~ Тек бір ғана тілегім бар: Ақсарбас қой сойысып, ақ бата жасасып, айттырып қойған қалыңдығыңды табалдырық аттатып, оң жақ босағамды қызартып кет! Бет алдыңнан жарылқасын! Құдайға аманат! “Алаштың” туы жығылмасын илаһім!.. Т.Рыс. ~ Əкесінің кітапханасындағы кітаптардың суреттерін көрсетеді. Санамақ ойнатады. Көзі көгілдір, шашы алтындай ақсары сəби өмірінің жалғасы болса да бір Құдайға аманаттады. С.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *