Posted in

ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛДЫ (ЖАСАДЫ, ЕТТІ)

Жасаған Иеге бас иді, жалбарынды, дұға оқыды, дін жолына түсті. ~ Ең керекті іс қай іс дегеніне де, әртүрлі айтылып, кейбірі «Оқу» деді, кейі: «Соғыс үйрету», кейі «Құдайға құлшылық қылу» деді. Шәк. ~ Меккеден келген соң, «дүние сөзін сөйлемеймін» деп, ешбір жанмен тіл қатпай қойып, оңаша үйде, шымылдықтың ішінде жалғыз отырып, құдайға құлшылық қылуда болған. Т.Жұрт. ~ Бұл — дәсбі. Қолың тигенде, дәсбідегі тастарды санап, Құдайға құлшылық жасайсың. Қайсысын аласың? Қ.Түм. ~ Адамгершілік қасиетін жо–ғалтады, әділ жолдан таяды. Ақыр аяғында азып–тозады. “Имансыз” атанады. Құдайға құлшылық ету азайған кезде заман да бұзыла бастайды. А.Жақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *