Жолы болды, әлдебір істің сәті түсті. ~ Ақыры Татищевты сотқа беріп тынды. Бірақ, құдай абырой бергенде, ол екі ортада канцлердің өзінің де басынан бақ тайды. Ә.Кек. ~ Ой, аға, құдай абұйыр берейін десе қиын емес екен, түрме деген аузы-мұрны жоқ, бітеу құйматастай пәле шығар десек, ол әншейін балшықтан қалыпқа құйылған қам кесектен тұрғызылғын үй болып шықты. Б.Қыд. ~ Бойыңды тартар жерден тарт. Бұндайдан жасқансаң, тіршілік неге керек? Құдайдың берген абұйырына сен. Жүре бер! — деді. М.Әу.
