Posted in

ҚҰДАЙ АЛДЫ (АЛЫП КЕТТІ)

Ажалы келді. ~ Әлі арыны басылып болмаған Айша: − Құдай берген жанды − Құдай алады. Бізге жанды Құдай қарызға берген. Қарыздың сүрегі («срок» дегені) қашан бітеді, сонда барып өлеміз. Қорқа-қорқа болдық қой, қараң қалғыр, − деді. Ш.Мұрт. ~ Бөлеңді құдай алды дейсің бе, жезде… Жатыр, әне, — деп көкесінің балдызы төргі бөлмеге иек қақты. Д.Әш. ~ Апаңды Құдай алып кеткен. Төрт жыл болды, «біздің шал малды дұрыстап баға ма, жоқ па» деп ана қырдың үстінде қарауыл қарап жатыр. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *