Posted in

ҚҰДАЙ АЛМАЙДЫ

Бұған өлім жоқ, жаны сірі. ~ «Ахаң» ауызға тиюі мұң екен, арыстан болып ақырып шыға келемін. Арақ іздеп көшеге шығамын. «Осы албастыны Құдай алмайды екен. Мұндай сұмырайлардың өмірі ұзақ болады» дегенді талай естідім. БАҚ. (“Орт.Қазақстан”) ~ Қыздарды айтсаңдаршы, қыздарды, қайырымды жандар- ау! Оларды не бай алмайды, не құдай алмайды. Неше түрлі әуре-сарсаңға салады, машақат көрсетеді! Х.Лакс. (М.Ілес.) ~ — Әлгі, құдай атқыр… Желік суын ішіп-ішіп мас болып келді де, көзіме көк шыбынды үймелетіп!… Енді, міне, үйден қуып шықты… — деп бырқ-бырқ етіп есіктен жылай кірді, — құдай атқырды құдай да алмайды, адам да алмайды… Қ.Ысқ.

  1. Бәрі ойдағыдай болады, өлмейміз д.м. ~ Күн бетін түзуге салыпты, жарықтық. Көк шұнақ болмаса енді қауіп жоқ. Ертең Сәрәл бала мәшинесін дөдеттетіп келе қалса, бізді құдай алмайды.— Иіріліп тұрған үшеуге бұрылды. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *