Тағдырдың басқа түскен ауыртпашылығы туралы. ~ Жіберіңдер,– десті көпшілік,– бұл бала жеңгесіне алан, боп тұр. Бейшара қайтсін, құдай басқа салғасын! Есебіңді тезірек алып, тез қайт, шырағым. Жеңгең нашар жатыр ғой. С.Мұқ. ~ Сол әскерге бәләберуден қашамыз деп, ата жұрт қара қоныстан да, екі құлынымнан да айырылмадық па, құдайдың құтылытпасын білген болсам, сол әскерінен қоя беріп, құдайдың басқа салғанын көреді екенімін, амал не, ـــ деп кемсеңдеп, күңіреніп кетті. Б.Жұм. ~ Осындай ойлармен тағдырдың басқа салғанына еріксіз мойынсұнып, ендігі жерде үн-түнсіз кете бердім. Ж.Сәм.
