Алла жазса, сәті түссе. ~ «Түрің жақсы екен ғой, құдай бұйырса айығып кетерсің» — деп көлгірсідім… Б.Мом. ~ Біздің Әсия, құдай бұйырса дегеніне жетеді. Қасиетті адамдар жоқ деседі, сонда да, менің ойымша, Әсия жұртқа сол әулиенің өзі болады… Қар мен суды басқару ойыншық емес қой! Ш.Айт. ~ Бар! Тезірек Ақберенге жет! – деді Бөбеш кенет бойын жинап алып.- Бөпең үшін қам жеме! Құдай бұйыртса соңдарыңнан біз де жетеміз… І.Ес. ~ … құдай бұйырса жаз шыға басқы шатаңдағы өзім көріп жүрген бүркіттің балапанын алып баулыған соң қызығын сонда көресіңдер›› деп мәз болатын еді. Б.Жұм.
