Өзін зор санайды д.м. ~ Баяғыда бір патша, өзі Құдай емес, Құдайдан былай емес бола тұрса да, бір ұл балаға зар болыпты. Ш.Мұр. ~ Несі дұрыс емес? Құдай ма еді ол? Құдай емес, құдайдан былай емес. Жаратушы ие әлдіні әлсіздің жемі ғып қойған. Ө.Кәр. ~ Байқа, балалардың көкесі, хан кұдай емес, құдайдан былай емес. Басқа пәле — тілден. Тіліңе сақ бол. Ө.Кәр. * Ой, одан шығады. Дәу шал Құдай да емес, Құдайдан былай да емес – деп даурықты. О.Бөк.
