ҚҰДАЙ ЖАЗАЛАДЫ Сазайын тартты. ~ «Табиғаттың бермесін тартып аламыз!» деген большевикшіл ұранды Құдай жазалаған сияқты. Ш.Мұр. ~ Елу шақты қой-ешкі, он шақты сиырым, жиырмаға тарта жылқым,екі түйем бар еді, бәрін бөліп алып айдадым да, Қақпақтың ішіне сол кеште-ақ кіріп кеттім. Соным үшін құдай жазалады ма, әке-шешем де, бауырларым да елмен бірге Қытайдан қайтпады. Б.Нұрж.
