Posted in

ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАДЫ

ҚҰДАЙ ЖАРЫЛҚАДЫ Ойлағаны ойы іске асты, тілегі орындалды. ~ “Бәлкім, бұл ақылы кіріп, ішкенін қойып кетер, а? Ондай күн болса, Айзада мен балаларын құдай жарылқап, бақтары жанар еді”, – деп Едігенің іші жылып қалған. Ш.Айт. ~ Бақытына көп ұзамай ағасы өліп, әмеңгерлік тәртібімен осы Дәмеліні жеңгедей алып, құдай жарылқаған-ды. К.Қаз. ~ Аттар енді әлгідей одыраймай отқа бас қойыпты. Қызыл жоңышқа гүлінің иісінен көбелектің басы айналғандай қалбаң қағады. Жабайы араның құдайы жарылқап, қай гүлге қонарын білмей шалқақтайды. Ш.Мұр. ~ Итергенде Колька Бураштың тегеурініне төтеп бере алмайды. Кольканың қолдары ұзын. Амал жоқ, қолдарын “іске қосады”. Аяқтарын “іске қосады”. Сол кезде ғана Бураштың “құдайы жарылқайды”. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *