Posted in

ҚҰДАЙ САЛДЫ, БІЗ КӨНДІК

Алланың жазғанына амал жоқ д.м. ~ Есенейдің құрығы мойнына түсе қалса, оны алып кететін күш біздің азғана ауыл кірме Күрлеуітте жоқ. Құдай салды — біз көндік. Бірақ, ағаңның есінде болсын — Ұлпан арзанға түспейтін қыз. Ғ.Мүс. ~ – Сонда «құдай салды, біз көндік» деп өлімді күтіп отыра береміз бе? Н.Дәу. ~ …”Құдай салды, біз көндік” деп, қайсыбір ауыл амалсыздан тез илігіп, “бәледен машайық, қашыптының” кебімен төтеден киліккен қызыл көз пәледен құтылып жатты. С.Жүн. ~ …«Құдай салды, біз көндікпен», ұзаса бірер күн жылап-сықтап, содан соң тоғышар тірліктің қызық-шыжығын алданыш қып әкәку-сәкәкумен жүре бермесіне кім кепіл? Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *