ҚҰДАЙ СҮЙЕР (СҮЙГЕН) ҚЫЛЫҒЫ ЖОҚ Қасиетсіз, елге жағымсыз адам туралы. ~ Әйтеуір өзінің құдай сүйер қылығы қайсы, жібермеген. Д.Дос. ~ Сонда әлгі байшікеш «Не қара басса да сен де құдай сүйер қылығы жоқ сорлысың, жарайды ит те болсаң заты қазақ сорлысың ғой, сенсіз де көп қандастар алды-арттарына қарамай, бірі Қытай асып, екіншісі о дүниеге топ-тобымен кетіп жатыр! Сенің жаныңды қиялық! Ұ.Досп. ~ Жарасы ауыр екенін ет жүрегі сезіп жатыр ғой. Өзінің де құдай сүйер қылығы жоқ. Ө.Кәр. ~ Олар мұның мінін санамалады. Бұл сабазыңның құдай сүйер қылығы жоқ екен. Тұлға-тұрпатында басқаның мысын ба- сатын пандық бар. Сырты – сыз, іші – мұз табашыл жан- ның кейпінде кеудесін шалқақ ұстап, шіренеді де жүреді. Ө.Кәр.
