Көксеген арманы орындалды. ~”Құдай берді!” — Сағат көк дарбазаны аңқайтып ашып тастады да, қорадан қой-ешкі айдап шықты; құдай және де берді: көшенің арғы бетіндегі қарсы үйдің де қақпасы ашылып, мал айдап шыға берген Әдемінің өзі көрінді. Ә.Тар. ~ «Алашорда» бастықтары тіпті жар салып қуанған: «…Құдай берді, алаш! Ақ түйенің қарны жарылды, алаш!.. Шаттан, алаш!.. Куан, алаш!..» — деген. С.Сей. ~ – Құдай берді саған, сары мыстан! Қосақтап ал қойларыңды! Сенікі!.. Мынаның бәрі сенікі!. Әй, неге бақырайып тұрсың? Басыңа қонған баққа сенбейсің бе, өл де маған! С.Смат. ~ Арслан мұның қолын қос қолымен қысып: – Нұрия, Құдай тілекті берді! – деді де сыртқа беттеді. С.Досж.
