Posted in

ҚҰДАЙ ҚОСҚАН ҚОСАҒЫ

Алланың қалауы, тағдырдың жазуымен қосылған ерлі-зайыптылар туралы. ~ Әпіш: «Қайтейін, құдай қосқан қосағым, бақыр басты азаматым еді, оны қарғап– сілеп, онымен соттасып не опа табам. Бұ да құдайдың маңдайыма жазғаны шығар»,– деген екен. С.Мұр. ~ Ат құйрығына байлатып, көзiн жоялық! Өйтер болсақ, жесiр қалардай құдай қосқан қосағының жазығы не, жетiм қалардай ұл– қыздарының кiнәсi не? К.Сег. ~ Мына кісі менің туған екі бірдей ағамның етегін ұстаған жеңгеміз. Бұл кісінің құдай қосқан қосағын да, жеңге алған қайнысын да, сол сұмырай соғыс жұтқан. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *