Алла тағаланың жазғаны, күші, нәсіп еткені. ~ Бет-аузы қушиған, көзі кілбиген, мұрны сорайған, тым-ақ сүйкімді емес. Ақ əйел. «Құданың» құдіреті, адам дегеннің өзі түріне бір қарамайды екен! Ж.Айм. ~ Міне, биыл жиырма бес жасқа шығады, құданың құдіреті, не бір қызды сүйіп, не бір бозбала болып қыз құшақтап көрген емен, сауық-кештерде билеп, бірге қайтты демесең, махаббат оты лаулап жанбаған адамдай, сұлық, ұялшақ. З.Шаш.
