Құда түсуге келген адамдарды әрдайым сыймен қарсы алу – қазақтың ежелгі дәстүрі. Сол себепті де келушілер өздерін еркін сезінеді. ~ Отағасы құдды құда түсе келгендей керіліп: — Үшеу болмаса да бір көзі соқыр, бір аяғы ақсақ, бір құлағы шұнақ жыртық жаулық табылып тұр, — деді. Қ.Ысқ. ~ Жымыңғайша: – Үһілеме, өтірік аһылама! Айтыс үшін шықпап па ең сахнаға? Құда түсе келгендей құнжыңдайсың, Есіңнен адастың ба, ақын аға!.. Қ.Ілияс.
