Posted in

ҚҰДА ТҮСТІ

Біреудің қызын баласына айттырды, құдаласты. ~ Бірақ Өзбектің ешкім зорламай өзі айтқан уәдесіне сеніп, құда түсуге кісілер әне келеді, міне келеді деп жүре берген. Қыз шыдағанмен, уақыт шыдамады, бір күні іші томпайып шыға келген. І.Ес. ~ Апасы алғаш рет: «Жоғарғы ауылдағы Еламанның қызына құда түспек ойым бар» дегенде, Тоқтас: «Ой, әне бір қызға ма?» деп жақтырыңқырамай қалған. Т.Нұрм.

  1. Әлдебір затқа, дүниеге қызығушылық білдірді, қолқа салып, сұрады. ~ Кран ғой, — деп Дидарғайып жұмсақ даусымен жалғастырып әкетті. — Иә, сол кран келген екен… — Иә, келуін келді, бірақ әлі екеуінің де томағасы сыпырылған жоқ. Иә, айта беріңіз? — Соның біреуіне құда түсіп, сырға салғалы келіп едім, — деп, Дидарғайыпқа қарап алтын тістерін тізілте күлді. Қ.Түм. ~ Ол шетелге ұшқалы тұрып Бәймен Асыловтан бес бөлмелі пәтер жайын сұрағанда ол сол пәтерге Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, генерал–полковник Беленожконың құда түскенін айтты. С.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *