Сияқты. ~ Маңайынан бір тал шөп, не бір сабақ жіп көрсе, Тілекең құдды бір шаян ұстағандай, құмырсқа бел шымшуырымен қысып ап, көріктің астында жайнап жатқан қызыл шоққа лып еткізіп салып жіберуші еді. Ә.Кек. ~ Енді бір сәт соңғы күндер оқиғасының құдды бір кітаптағыдай шиыршық атып, аяқ астынан жеделдеп, шиеленісіп кеткеніне қайран қалды. Қ.Жұм. ~ Құтты бір ендігі жүрген жерін қалтасынан қарап білетін кісідей, бешпетінің екі қалтасына қысқалау қолын кезек-кезек сүңгітті. М.Әу. ~ Қара жердiң бетiндегi сойдақталған әжiм тектес ой-шұқырын тегiстеп, құтты бiр жамалы опаланған теледидар жүргiзушiсiндей даланың өңiн жылтыратып жiберген. Ә.Ыб.
