Алла тағаланың шексіз кереметі хақында. ~ Адамнан тараған ұрпақ ол заманда шағын бір ауыл болып қана өмір сүрген деседі. Олардың тынысты тіршілігі мен татулық бірлігіне рақымы мол, құдіреті күшті Құдай мейірленеді. Ғ.Қож. ~ Ата-анамды жоқтайын, Қағазға жыр боп жазылған. Құдіреті күшті Құдай-ау! Не көрмедім жасымнан. ҚАӘ. “Жоқтау”. ~ Отыз жетінші жылда да солай, сорлы қазақ бірін- бірі құртқан. Қашан айттың деме, құдыреті күшті Құдай халық басындағы қу тағдырдың бетін жүз сексен градусқа өзі бұрмаса, отыз жетінші жыл аумай- төкпей қайталанады, əлі көрерсің! З.Қаб.
