Артынан сөз ертті. ~ Еркінге не сәлем айтайын? – Арғы беттен тосамын деп айтты де. Оның да құйрығына шала байланған-ау, жым-жырт жатып алды. О.Бөк. ~ Жатақханадан шығарып, тіпті Астанада жан бағып жүре алмайтындай етіп, құйрығына шала байлап, аластауды қала мэрінің алмас қылыштай жарқылдаған алақұйын көмекшісі өз мойнына алып, сөз түйіндеді. Д.Досж. ~ Сүйкенерге қара таба алмай жүрген жұртты білесің ғой. Біреуі: «Мерген сөйтіпті» деп жоғары жаққа қарай қағаз түрте салсыншы, айып- ажынын былай қойғанда, құйрығыңа шала байлап, неше жыл бойына есіңнен тандырар… К.Сег. ~ Тізгінін басқаның қолына ұстатып қойып, соның айтуымен жүріп-тұруға үйренген, орғанына мәз болып жүрген халқына Кенесары ісінің әділдігін дәлелдемек түгіл, өз басы саудаға түсіп, құйрығына шала байланған. Б.Мұқ.
