Жаман сөзге қалды, әлдебір ұнамсыз іспен аты шықты. ~ Бірақ оған біздің жағдайымыз келіп тұр ма? Онсыз да құйрығымызға қоңырау байланған адамбыз, келмей жатып қиыншылықтан қашты, жоспардан бас тартты демей ме? Қ.Жұм. ~ Әпке деген әпке емес, барып тұрған пәле екен. Ал әпкең Әйештей әдемі болса, құйрығына қоңырау байланды дей бер. М.Қаб. ~ Ішіміздегі қорықпай, дірілдемей тұрған адам біреу-ақ. Бастығымыз. Қоянмен ойнаған түлкідей болып, жеңімпаздарды құттықтап, кінәлілердің құйрығына қоңырау байлап жатты. Д.Мам.
