Сиқырланды, арсалаңдады, қулыққа басты, алдап-арбады. ~ Соңғы жылдардың бірінде «қоғами» деген термин алынды. «Қоғамдық» деген, өз мағынасын дәл басып тұрған сөзіміз барда құйрық жағын аравизм мен фарсизмге қарай бұлаңдатып тұрған «қоғамиды» неге алғанымыз түсініксіз-ақ. Осы «қоғами» алынғаннан кейін бір жас сыншы «сыни пікір» деп жазып еліктей кетті. Сонымен, аравизм мен фарсизмге қарай «қоғами» құйрығын екі рет бұлаңдатты. Тап осы «қоғами» керек емес. Ғ.Мүс. ~ Сары қаншық шоқиып отырған, елеңдей орнынан ұшып тұрды. «Маңқ», — етіп бір үрді де, құйрығын бұлғақтатып, ұмсынып қап іркілді. М.Сүн. ~ Мен сыншымын досқа да, дұшпанға да, Опасыз қыз, опалы мыстанға да. Бұлаңдатар құйрығын шабынған ит, Қылышқа ұқсап қыли көз сұстанғанда. Т.Әл. ~ Үшінші рет көргенде әйел сыйлығын, Тарғыл неме бұлаңдатып құйрығын, Күтіп тұрды жуасыған пішінде, Алақаннан ас беретін туды күн. Қ.Шағ. ~ Енді ойлап қарасам, арада 43 жыл уақыт та құйрығын бұлаңдатып өте шығыпты. Осы қырық үш жыл бәрімізге өмірдегі өз еншімізді бөліп берді. Б.Нұр.
- Еркеледі, қылымсыды. ~ Еркелей құйрығын бұлғақтатып, бейқам жетіп барған: — Ә, қаңғыбас қаншық, келдің бе? — деп, қасында жатқан күректің жалпақ басымен бөксесінен бір қойды. М.Сүн. ~ Сары қаншық ол күткендей құйрығын шипақтатып еркелеген жоқ. Төңірегіне жалтақтай шегініп, ырылдап тісін ақситып айбат шекті, мосқал жан онысынан қаймықпай жақындап келеді. М.Сүн. ~ Әбден бүйірі шығып тойғансын басын бір ақ көтерді. Сабау құйрығын шипаңдатып иесіне еркелей секіріп, шәу-шәу үріп қойды. М.Сүн.
