Posted in

ҚҰЙРЫҚТЫ ЖҰЛДЫЗ

Аспан денесі. ~ Түскен тастардың ішінде мың жарым пұттығы да бар. Сонымен құйрықты жұлдызымыз не нәрсе? Құйрықты жұлдыз – үлкен тұман. А.Байт. ~ Жау жеңіп, ағылшындар қатты әбігершілікке ұшырады. Сол кезде аспанда құйрықты жұлдыз көрінді. Жеңілген ағылшын-дар құйрықты жұлдыз «Құдайдың кәрі», бізді жау қыруына көрінген деп қорқысты. Құдайға сыйынып, жаманшылықтан құтылдыр деп молдаларға төгінді. Молдалар да елге мұны Құдайдың кәрі деп ұғындырды. А.Байт.

  1. Қысқа да мәнді өмір сүріп, жарқ етіп, өте шыққан адам хақында. ~ Хабарланып әр тұстан, Көрмей дамыл алмады. Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да, көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар жан болмады. Абай. ~ Расында да қазақ әдебиеті көгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, 30 жылға жуық жетер-жетпес қысқа ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұт Торайғыров мұрасы – қазақ халқының асыл қазынасы. БАҚ. * Сүйріктей сұлу болсаңда Сүйкімің кетсе – жақпайсың, Жүйріктің бірі болсаңда Киіктен биік баспайсың, Құйрықты жұлдыз болсаңда Бұйрықты жолдан аспайсың! Б.Әлімж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *