Тайталаса, қатар шапты. . * Шұбар құлын тай шыққан жылы сынап көрмек болған Молдаш шағын аралықты қара жарысқа қосқан екен, не сайыста бәйге бермеген төселімді жүйрік «желаяқ қызылмен» құйрық тістесіп қалмай қойыпты. Ғ.Біл. * Бұлардың сөзін естіп қалған Қапсемет деген жігіт құйрық тістесе жақындап: – Ой аға, Елісхан баласын сағынып келе жатыр дейсіз бе, балалардың шешесін сағынып келеді емес пе, –деді қутыңдап. Ж.Шәк.* Тістесіп құйрық ай мен ай, Жылдың ізін жыл басып, Күндерде бір күн хан Аббас, Шарап ішіп шала мас, Өзімен өзі сырласып Отыр екен сарайда, Тірі жан жоқ маңайда. М.Жұм. ~ Жанына батқан соққы бейшараны ер үстінде қаңғалақ ойнатып, әп-сәтте топ еткізіп жерге жұлындай ұшырды. Жаһан енді келесісімен құйрық тістесті. Әлгінің басына ораған сәлдесінің ұшы шұбатылып, далақтай желбірейді. Қапталына жуықтаған қауіпті аңғармады. Тек жерге ұршықтай үйіріліп, төбесімен шаншылғанын бірақ білді. Ә.Ыб.
